Коронавирус жұқтырған 1793 адамның жағдайы ауыр

30.08.2021 14:54

495 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

30 тамыздағы мәлімет бойынша 115 694 адам коронавирус инфекциясынан (108 831 КВИ+ және 6 863 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv

Олардың ішінде: 

26 181 пациент стационарда, 89 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  • 1 793 адамның жағдайы ауыр, 
  • 495 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  • 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.