|
17.03.2021 | 09:56
2955

Шенген визасы көмектеспейді: КВИ сертификаты жоқ еуропалықтар шекарадан өтпейді

Осы сәрсенбіде Еуропалық комиссия вакцинация туралы анықтама беруді ұсынды

Шенген визасы көмектеспейді: КВИ сертификаты жоқ еуропалықтар шекарадан өтпейді twitter.com

Еуропалықтар коронавирус вакцинасын алғаны жөнінде сертификаты болмаса, шекарадан өтпейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Осы сәрсенбіде Еуропалық комиссия вакцинация туралы анықтама беруді ұсынды. Ол сертификат, жасыл паспорт немесе сандық паспорт деп аталады. Осындай құжаты бар азамат Еуропа елдеріне еркін шыға алады. Сертификат вакцина алғандарға ғана емес, ПЦР-тесті теріс нәтиже көрсеткендерге де берілмек.

Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралмауына, алдын алуға көмектеседі.

Еуростат мәліметі бойынша, еуропалықтардың туристік қонақ үйлерде өткізген түндерінің саны 2020 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 59%-ға төмендеген. Греция, Мальта немесе Кипр сияқты елдерде көрсеткіш 70% -ға азайған. Туризмнің аяққа тұруы үшін, азаматтардың еркін демалуы үшін аталған сертификаттың маңызы зор. Осылайша, Еуропалық комиссия коронавирустың кең таралмауына ықпал етіп, былтыр болған хаостың алдын алмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир