Қазақстандағы коронавирус: Қарағанды облысында сall-орталық жұмыс істейді

03.02.2021 14:57

Call-орталыққа 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының тұрғындары карантин ережелерін бұзу фактілері жайлы сall-орталыққа хабарлай алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірлік жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы қарағандылықтарды ереже бұзу жағдайларына бей-жай қарамауға және адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталмауы туралы хабарлауға шақырады. 

«Қоғамдық мекемелердің қызметкерлері мен келушілерінің маска режимін, қашықтықты сақтамауы, келушілер санының лимитінен асып кетуі, сондай-ақ тыйым салынған қызмет түрімен (караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары жабық үй-жайларда, банкет залдарында) немесе режимді бұза отырып, сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуі анықталған кезде сіздерді немқұрайлы болмауға және Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлауды сұраймыз», – деп облыстық жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы облыс тұрғындарына үндеу жолдайды. 

Call-орталыққа 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.