Үш өңір «қызыл», бес облыс «сары» аймақта

24.03.2021 в 14:57

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 24 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. 

«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.