Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетті

25.03.2020 14:59

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның ішінде: Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында  5 адам. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді.