Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тұрғындардың денсаулығын сақтауға қатысты шаралар қолдануды тапсырды

28.02.2020 14:59

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған

Акорда

Мемлекет басшысы елде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", – деп жазды Президент.

Жуырда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирустың алдын алу шараларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мемлекет басшысына есеп берген болатын.

Министр елге коронавирустың келуі мүмкін екенін жасырмады. Ол тұрғындарды дүрбелеңге жол бермеуге шақырып отыр.