Екібастұзда бір отбасының кішкентай екі баласы коронавирус жұқтырған

21.04.2020 15:00

2014 жылы туған қыз бен 2017 жылғы ұл баладан коронавирус анықталған

amp.politeka.net

Екібастұзда үш адам COVID-19 жұқтырған. Олардың арасында бір отбасының кішкентай екі баласы бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

1960 жылы туған әйелден, 2014 жылы туған қыз бен 2017 жылғы ұл баладан коронавирус анықталған.

"Барлық науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысқан. Барлық жағдайда байланыс жасаған адамдар анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 33 жағдай тіркелген. Олардың арасында бес бала бар.