Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz
Ең көбі Алматы қаласында 545 адам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті. Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. 

Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр. Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.

Новости партнеров