Коронавирустан емделіп жатқан 243 науқастың жағдайы ауыр

03.03.2021 15:01

42 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

3 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 304 адам короновирус инфекциясынан (13 303 КВИ+ және 6 001 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 243 адамның жағдайы ауыр; 

• 42 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.