Қазақстанда тағы төрт өңір «қызыл» аймаққа өтті

13.01.2022 15:02
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймаққа Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Сары» аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.