Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 6 698 615 адамға жетті
Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 6 миллион 660 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 маусымдағы көрсеткіш бойынша, 3 миллион 218 мың 785 адам дерттен аман-есен жазылып шықса, 391 мыңы көз жұмған. Қауіпті індеттен қайтыс болудың әлем бойынша ең көп дерегі АҚШ-та тіркелген. Онда 110 мың науқас көз жұмды. Ал Ұлыбританияда 39 мың, Италия және Бразилияда 33 мыңнан, Францияда 29 мың адам аты жаман аурудың құрбаны болды. Қауіпті дерттен, қуанышқа орай жазылып шыққандар да аз емес. АҚШ-та бас-аяғы 700 мың, Бразилияда 266 мыңнан аса науқас індетті жеңіп шықты. Айта кетейік, короновирусты жұқтыру бойынша топ бастаған 10 мемлекеттің қатарында АҚШ, Бразилия, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Германия және Перу мен Түркия бар.
Графика
СOVID-19 вирусын көп жұқтырған 10 ел
АҚШ - 1 919 207
БРАЗИЛИЯ - 595 112
РЕСЕЙ - 441 108
ИСПАНИЯ - 287 740
ҰЛЫБРИТАНИЯ - 281 661
ИТАЛИЯ - 234 013
ҮНДІСТАН - 226 713
ГЕРМАНИЯ - 184 923
ПЕРУ - 183 198
ТҮРКИЯ - 167 410
Графика
COVID-19 бойынша әлемдегі аухал
Қайтыс болғандар:
АҚШ - 110 013
ҰЛЫБРИТАНИЯ - 39 904
ИТАЛИЯ - 33 689
БРАЗИЛИЯ - 33 038
ФРАНЦИЯ - 29 065
ИСПАНИЯ - 27 133
МЕКСИКА 11729
Жазылып шыққандар:
АҚШ - 699 255
БРАЗИЛИЯ - 266 132
РЕСЕЙ - 204 623
ГЕРМАНИЯ - 167 800
ИТАЛИЯ - 161 895
ТҮРКИЯ - 131 778