Коронавирусқа шалдыққан 820 науқастың жағдайы ауыр

17.05.2021 15:04

185 пациенттің жағдайы өте ауыр

gtrk-kaluga.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 295 пациент стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

- 820 адамның жағдайы ауыр, 

- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

- 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Сондай-ақ министрлік 15 мамыр күні індеттен қайтыс болғандар бойынша ақпаратты ұсынды: - 19 адам КВИ+ және 6 адам КВИ-.