16 мамырдағы сағат 23:59 бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 307 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бүгінгі таңда індет жұқтырғандар өсімі 5,2%-ды құрап отыр.
Аймақтар бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар ішінде:
Алматы қаласы - 93 (5,4%)
Шымкент қаласы - 77 (28,6%)
Атырау облысы - 35 (6,9%)
Нур-Султан қаласы - 32 (2,7%)
Батыс Қазақстан облысы - 22 (7,6%)
Қарағанды облысы - 13 (5,9%)
Ақмолы облысы - 9 (7,8%)
Түркістан облысы - 6 (3,1%)
Маңғыстау облысы - 6 (4,1%)
Алматы облысы - 5 (2,5%)
Ақтөбе облысы - 4 (1,8%)
Қостанай облысы - 2 (2,6%)
Жамбыл облысы - 2 (1,0%)
Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%) адам бар.
Айта кетсек, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6157 адамға жетіп отыр. Қауіпті індеттен жазылғандар саны 2980 адамға жетті. Өкінішке қарай, 34 адам көз жұмды.