Әзірге Қостанай – Рудный және Қостанай – Әулиекөл тасжолында блок-бекеттер қойылған
Қостанай облысының трассаларына блок-бекеттер орнатылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тұрғындар облыс периметріне қойылып жатқан блок-бекеттердің фотоларын әлеуметтік желіде жариялауда. Блок-бекеттердегі полицейлердің айтуынша, әзірге Қостанай – Рудный және Қостанай – Әулиекөл тасжолында блок-бекеттертер қойылған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін өңірлік жедел штабтың отырысы өтеді.