Қала бойынша COVID-19 вирусын жұқтырған 539 адам анықталды
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 31 тұрғынынан COVID-19 вирусы анықталды, олардың 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше, барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 539 адам анықталды.