Қазақстанның басым бөлігі «жасыл» аймақта

20.02.2022 15:10

20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Фото: ашық дереккөзден

20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 19 ақпандағы жағдаймен салыстырғанда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында қатты өзгеріс болған жоқ.