30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 707 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Олардың арасында 967 бала бар. Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 223 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.