Індет ең көп тарайтын кез наурыздың соңына келуі мүмкін – Цой

19.01.2021 15:10

Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін

фото из открытых источников

Қазақстанда коронавирус індеті ең көп тарайтын кез наурыздың соңында келуі ықтимал. Мұндай болжамды Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Індетті жұқтыру деңгейі осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантин талаптарын енгізу жоспарланып отырған жоқ», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина бірінші кімдерге салынатынын айтқан болатын.