Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуірдің 22:50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 48 адам тіркелді. Қостанай облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 34 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 5 адам, Жамбыл облысында 1 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 346 адам, Алматы қаласында – 495 адам, Қарағанды облысында - 87 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 72 адам, Жамбыл облысында - 54 адам, Шымкент қаласында - 46 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 37 адам, Ақтөбе облысында - 23 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 15 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 33 адам, Түркістан облысында - 56 адам, Қостанай облысында - 9 адам, жалпы 1546 науқас тіркелді", – делінген хабарламада.