Үндістанда «Дельтa+» штамын жұқтырған адам қайтыс болды

25.06.2021 15:11

Қайтыс болған әйелге вакцина салынбаған

news.myseldon.com

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында «Дельтa+» штамын жұқтырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің айтуынша, қайтыс болған әйелге вакцина салынбаған.

Жалпы мутацияланған вирус штаттағы 5 адамнан табылған. Олардың төртеуі вакцинацияланып, сауықтырылды дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да белгілі болды.

Үндістанда осы уақытқа дейін коронавирустың осы нұсқасын жұқтырудың 40-қа жуық жағдайы анықталды.