Бұл шара – коронавирустың жаңа штаммының ел ішінде таралмауының алдын алады
Қазақстан коронавирустың үнді штаммының әкелінуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Күн сайын 400 мыңға дейін инфекция тіркеліп жатқан Үндістандағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының нашарлауын ескере отырып, Үндістанда кең таралған штамм импортын болдырмауға бағытталған шаралар қабылданды. Соңғы 14 күнде Қазақстанға, оның ішінде үшінші елдер арқылы Үндістаннан келген адамдар қолында COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы мен вакцина алғандығы туралы құжаты бар-жоғына қарамастан, үйінде 14 күнге оқшаулануға міндеттеледі», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 2076 адам коронавирус жұқтырған болатын.