Қазақстанның 8 өңірі «қызыл», үш облысы «сары» аймақта

08.04.2021 15:12

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.