Қазіргі уақытта 7 адам ауыр жағдайда жатыр
Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі адамның бірі 46 жастағы әйел адам 3 наурызда «СOVID-19 бойынша расталған жағдай, ауруханадан тыс 2 жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ауыр ағымы» диагнозымен келіп түскен.Аз дене қимыл-қозғалысы кезінде күшейетін, тыныштықта ентігу шағымдары, қиын бөлінетін қақырығы бар жөтел, айқын жалпы әлсіздік алаңдатқан.
Екінші пациент 1955 жылы туған. ОНы да бойында дәл сондай симптомдар болған.
«Жансақтау бөлімшесінде екеуіне де короновирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы, бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Сонымен қатар, келесі оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖЖ, кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және басқа да емдеу шаралары жүргізілді. Емделу кезінде өздерін жақсы сезінгендері, ентігу мен әлсіздіктері азаюы сияқты оң өзгерістермен пациенттер әдеттегі бөлімшеге ауыстырылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда Алматы облысынан келген пациентті ескере отырып, коронавирусы бар 99 адам емделіп жатыр.
70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, жеті адамның жай-күйі – ауыр, 22 пациенттің жағдайы (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде.