Павлодар облысында коронавирус жұқтырған ана дені сау бала босанды

26.04.2020 15:12

Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің денсаулығы бірқалыпты, тұрақты

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған ана дені сау бала босанды, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

COVID-19 инфекциясы расталған 2000 жылғы пациент сол күні салмағы 3660 грамм ер баланы аман-сау дүниеге әкелді.

«24 сәуір күні КВИ расталған пациент арнайы жабдықталған хирургиялық араласу мен әйелдерді босандыруға арналған хирургиялық-акушер госпиталінде босанды. Алгоритмге сәйкес, нәрестеден анализ алынды, нәтижесінде теріс көрсеткіш анықталды, яғни індет жұқтырмаған»,  - деді баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің денсаулығы бірқалыпты, тұрақты. 

Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылып, нәресте дәрігерлердің бақылауында болады.