Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды

21.08.2020 15:12

2020 жылғы 21 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

открытые источники

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 21264, 243 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 2139 жетті.