Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

19.03.2021 15:13

«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. 

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. 

Еске салайық, 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді. 18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өтті.