Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне қайтты

22.09.2020 15:13

Қазір ауданда қауіпті індетті жұқтырған науқастар жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек Үкібаевтың айтуынша, пандемия басталғалы бері қауіпті індетті жұқтырған 1078 адам тіркелген. Соған орай ауданда 40 төсектік инфекциялық стационар мен 60 төсекке арналған провизорлық орталық жұмыс істеген. 

«Енді міне, коронавирусқа шалдыққан соңғы екі пациент сауығып шықты. Қазір ауданда қауіпті індетті жұқтырған науқастар жоқ. Соған қарамастан емдеу мекемелері қорғаныш киімдерімен қамтылып, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жасақталды»,– деді Нұрбек Үкібаев.