Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар саны 98 адамға жетті
Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында коронавирус жұқтырған 19 адам анықталды. Олардың барлығы қалалық ауруханаға жатқызылып, тиісті ем-дом қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ауру жұқтырғандардың 11-і ер адам болса, қалған сегізі – әйел. Барлығы қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде жұмыс істейді. Науқастардың жасы – 21-54 аралығында. Бұған дейін бәрі коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған», - делінген ресми ақпаратта.
Түрме қызметкерлері казармада тұрған. Қалаға ешкім шыққан жоқ
Айта кетсек, осы уақытқа дейін Қостанай облысында 98 адам коронавирус жұқтырған.