Үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді

27.07.2020 15:13

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

coronavirus2020.kz

Қазақстанда COVID-19 шалдыққандарға үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді. Өңірлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада құрылды, олардың 1 693-і ауылдарда қызмет етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Жұмыс бір жүйеге түсті, қолжетімділік, мобильді бригадалардың саны артты. Үш апта бұрын мобильді бригада мүлдем болған жоқ, ал қазір олардың қатары көбейгенін көріп отырмыз. Осының арқасында жедел жәрдем шақырушылар саны 36 пайызға, оның ішінде коронавирус бойынша – 37 пайызға азайды», – деді Алексей Цой. 

Емханалардағы Call-орталықтардың саны 16 пайызға артты, олардың жұмысына білікті дәрігер-кеңесші, фельдшер және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері тартылған.