Украинада демалыс күндері карантин жарияланады

12.11.2020 15:14

Ол 30 қарашаға дейін жалғасады

ukrinform.ua

Украинада алдағы демалыс күндері яғни 14-15 қарашада карантин жарияланады. Ол 30 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

11 қарашада ел үкіметінің отырысында осындай шешім қабыланды. 

Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов демалыс күндерінің карантині үш апта қатарынан болуы керектігін мәлім етті, ол қараша айы аяқталып желтоқсан түскенше созылады. 

Демалыс күндері сенбі сағат 00-ден бастап дүйсенбі 00-ге дейін жай күндердегі шектеулерге қосымша талаптар белгіленеді. 

- бар, мейрамхана, дәмхана, тағы басқа қоғамдық асханалардың қызметі тоқтатылады, тағамды тек алып кетуге ғана болады. 

- сауда-ойын-сауық орталық, басқа да көңіл көтеру орындары істемейді. 

- тұрмыстық қызмет көрсету субъектілері жұмысын тоқтатады. 

Демалыс күндері мәдени-бұқаралық шара өткізетін мәдени орындар жұмыс істемейді. Бұл шектеу кино, видео түсірілім, аудиовизуаль өнім әзірлейтін шаруашылық субъектілеріне қатысты емес. 

Үкімет спорт залдары, фитнес орталықтар мен бассейн жұмысына тыйым салды. 

Азық-түлік дүкендері, қаржы қызметін көрсететін мекемелер, пошта операторы, медицина және ветеринария, жанармай стансасы, автосервистер жұмысын тоқтатпайды.