Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 68 адам тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыста жалпы 1024 адам коронавирусты жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 68 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 68 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген ақпаратта.

Қарағанды қаласында – 39 адам, Теміртау қаласында – 18, Бұқар жырау ауданында – 6, Абай ауданында – 2, Шет ауданында – 1, Ұлытау ауданында – 1 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Облыста жалпы 1024 адам коронавирусты жұқтырған, олардың ішінде 4 адам көз жұмған және 314 пациент жазылып шыққан.

Новости партнеров