Қарағанды облысында тағы 24 адам коронавирус жұқтырған

20.05.2020 15:16

Қазіргі уақытта ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 24 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 24 адамнан COVID-19 вирусы табылды, олар: Қарағанды қаласының тұрғындары — 21 жастан 62 жас аралығындағы 10 ер адам, 1997, 2000, 1990 жылғы үш әйел адам; Теміртау қаласының тұрғындары — 31 жастан 58 жас аралығындағы 8 ер адам, 2016 жылғы ұл бала; 1973 жылғы әйел адам; Ақтау кентінің тұрғыны — 1986 жылғы әйел адам», - делінген хабарламада.

Барлық пациент коронавирус инфекциясын бұған дейін жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған. Олар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

19 мамырдағы ахуал бойынша облыста коронавирусты 287 адам жұқтырған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 156 науқас жазылып шыққан.