Коронавирустық пневмониядан өткен тәулікте 3 адам көз жұмды

29.12.2020 15:16

2020 жылғы 29 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 63 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45460, 493 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32893 жетті.