Қазақстан коронавируспен ауырғандар саны бойынша әлемнің 222 елі ішінде 110-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Әлемде коронавирыстың 270 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Ал тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Осы уақытқа дейін 5 млн-нан астам адам көз жұмды. ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 19 елінде ауруды жұқтыру көрсеткішінің өскені байқалады», – деді Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда соңғы екі аптада ауырғандар саны 31 пайызға төмендеген.
«Әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда 222 ел ішінде Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 102-орында тұр», – деді ол.