Елімізде 27 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

27.01.2021 15:18

266 адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 119 адам короновирус инфекциясынан (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Коронавирусқа шалдыққандар арасында: 

266 адамның жағдайы ауыр; 

39 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.