Қазақстанда бір тәулікте пневмонияның 232 жағдайы тіркелді

26.09.2020 15:20

1 тамыздан барлығы: жазылып шыққандардың саны 26 965 жетті

фото из открытых источников

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 232 жағдайы тіркелді. Оған қоса 51 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32 223, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 965 жетті.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да 8 мектеп пен бір балабақшада балалар коронавирус жұқтырды, деп хабарлаған болатынбыз.