Ухандағы зертхана басшысы қандай сақтық шаралары жасалып жатқанын айтты

12.05.2020 15:21

South China Morning Post мәліметінше, зертхана басшылығы мен қызметкерлер вирус сыртқа шығып кетпеуі үшін қажет шараларды сақтап жатыр

rus.ozodi.org

Ухандағы вирусология зертханасының директорының айтуынша, ғимаратта биологиялық қауіпсіздік жоғары деңгейде сақталған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

South China Morning Post мәліметінше, зертхана басшылығы мен қызметкерлер вирус сыртқа шығып кетпеуі үшін қажет шараларды сақтап жатыр. Яғни, ғимаратта іштегі ауаны сыртқа шығармайтын арнайы қысым мөлшері қосылған.

Инфекция туралы құжаттармен жұмыс істейтін ғалымдар дене қызуын тексеру деген секілді қатаң тексерістен өтеді. Одан бөлек, автоматтандырылған жүйе қызметкерлердің кіріп шығуын және ғимаратта жалғыз жүрмеуін бақылайды екен. Қалдықтарды тастаумен мемлекеттік лицензиясы бар арнайы компания айналысады.