Қазіргі уақытта коронавирустан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда
Денсаулық сқатау министрлігі 23 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта коронавирустан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.