Коронавирустан емделіп жатқан 255 науқастың жағдайы ауыр

16.02.2021 15:22

47 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

16 ақпанындағы коронавирус инфекциямен емделіп жатқандарға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

Коронавируспен ауырғандардың арасында: 255 адамның жағдайы ауыр; 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.