Солтүстік Қазақстан облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

14.05.2021 15:22

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары

Фото: ашық дереккөзден

14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан. 

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. 

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары.