Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv
Оған сәйкес, 7 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 12 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында - 3 науқас. Ақмола облысында - 2, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің басқа өңірінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.