Адамдар іш өту, іш ауруы, өзін жайсыз сезіну, тәбеттің жоғалуы секілді асқазан-ішек проблемаларына шағымданған
Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған пациенттер асқазан ауруына жиі шағымданады. Алайда Zoe COVID Symptom Study ұйымының британдық ғалымдары зерттеу жүргізіп, мұның алдамшы симптом екенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Адамдар іш өту, іш ауруы, өзін жайсыз сезіну, тәбеттің жоғалуы секілді асқазан-ішек проблемаларына шағымданған. Мұндай белгілер желтоқсанның ортасы мен қаңтардың аяғы аралығында байқалды.
Мамандар асқазан-ішек жолдары ауруларының жиілеуі коронавирустың жаңа штамымен байланысты емес екенін атап өтті. Қыста асқазан проблемасына шалдыққан пациенттер көбейеді. Оған әдетте жылдың осы мезгілінде байқалатын норовирустық инфекция себеп болуы мүмкін.
Ғалымдар тамақ пісірер алдында қол жууға, қоғамдық орындарда гигиена сақтауға, сондай-ақ шикі тамақ жемеуге кеңес берді.