Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

26.09.2021 15:23

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары

открытые источники

2021 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары. 

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары. Кешегі мәлімет бойынша, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта тұрған болатын.