1 шілдеден бастап барлық адам үшін қалааралық сапарларға және қоғамдық көлікте жүруге шектеулер алынып тасталады
Түркия президенті Режеп Ердоған негізінен жергілікті тұрғындар үшін жұмыс істейтін антиковид шараларын жеңілдетудің тағы бір кезеңін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.
Шілде айынан бастап комендант сағаты толығымен жойылады. 1 шілдеге дейін жергілікті тұрғындарға сағат 22.00-ден таңғы 5-ке дейін, ал жексенбі күндері тәулік ішінде жүріп-тұруына тыйым күшінде қалады.
Бұл шектеулер туристерге әсер етпейді.
Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап барлық адам үшін қалааралық сапарларға және қоғамдық көлікте жүруге шектеулер алынып тасталады.
Еске салайық, сәуірде эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Түркияда енгізілген қатаң шектеулерден кейін жаздың бірінші күнінен бастап дәмханалар мен мейрамханалар ашылды.
Сонымен қатар, комендант сағаты толығымен жойылғанға дейін олар тек 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.