Індеттен 5 адам қайтыс болды

16.08.2020 15:49

Стационарларда 3 289 науқас жатыр

открытые источники

16 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 971 пневмонияға шалдыққан науқас тіркелді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

16 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 971 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бері тіркелген мәлімет бойынша, ауырғандар саны - 18 465, аурудан көз жұмғандар саны – 216.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.