Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелді

02.06.2022 15:26

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 760 адамнан анықталды

Governor Tom Wolf

Қазақстанда өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1, 

Алматы қаласында 4 адам жұқтырды.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 760 адамнан анықталды.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қауіпті инфекциядан Алматы және Алматы облыстарында 4 адам жазылып шықты.

Оның ішінде 1 292 019 науқас сырқатынан айықты.