Елорда судьялары коронавирус жұқтыруына байланысты сот ғимаратына уақытша карантин енгізілді

stan.kz
stan.kz
Сот істерін онлайн қарау қызметі де кейінге қалдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан астанасының сот ғимаратына карантин енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен мамандарында Сovid-19 вирусы анықталуына байланысты елордалық соттарда 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантин енгізілді», – делінген хабарламада.

Сот істерін онлайн қарау қызметі де кейінге қалдырылды.

Хабарламада осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінге қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар ғана қаралатыны айтылған.

Сот қызметі өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай шаралар азаматтардың денсаулығын сақтау үшін қабылданған мәжбүрлі әрекет болып табылады.

Новости партнеров