Тедрос Адханом Гебрейесус бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында жариялады
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа қарсы челлендж жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл видеода тек тазалықтың қауіпті вирусты жеңуге күші жететінін көрсетілген. Сондай-ақ, әлемдегі әрбір адам өзін COVID-19 инфекциясынан қорғау үшін, ең алдымен жеке гигиенаны қатаң ұстанып, қолды сабынмен үйкелеп бірнеше мәрте жууы қажет екендігі айтылады.