Қазақстанның көпшілік өңірі «қызыл», «сары» аймаққа кірді

09.04.2021 15:27

Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген

nur.kz

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 9 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр. 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан. 

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.