Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды

05.01.2021 15:28

2021 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45991, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33298 жетті.